00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Ұлттық ұлан сарбаздары жоғалған баланы тапты

20.06.2024 | 14:28
Сабина Кәкімжан
92
Ұлттық ұлан сарбаздары жоғалған баланы тапты
Фото: ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Талдықорған қаласының «Жастар» спорт кешенінің маңында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне белгісіз азаматша жоғалған баласын табуға көмек сұрап келеді. Ұландық сарбаздар азаматшадан қысқаша мәлімет алып, әскери жасақ кезекшісіне баяндап, дереу іздеуге кіріседі. 

Шұғыл іздестіру іс-шараларының нәтижесінде әскери жасақ кезекшісі, капитан Дайыр Әбукенов, әскери жасақ бастығы, қатардағы Әсет Жаңабай және патрульдеуші сақшылар Рамазан Серікбай мен Әлихан Аманжол жоғалған баланы жарты сағат көлемінде табады.

Анасынан жоғалған балақай туралы белгілерді сұрап алғаннан кейін бірден іздеуге кірістік. Кешкі уақыт болғандықтан көшеде адам көп болды. Жан-жақты барлау кезінде сырт келбеті жоғалған баланың киімі, бойы, жасына сәйкес келетін баланы байқап қалдық. Нақтыланған соң, көмек сұраған азаматшаға хабарласып, баласын табыстадық, - дейді капитан Әбукенов.

Кейін анасы сарбаздарға алғысын білдіріп, 5514 әскери бөлім командирінің атына хат жолдады.

Все новости