00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Елордалық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта 54 іс қаралды

Елордалық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта 54 іс қаралды
Фото: ашық дереккөз

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде «Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотта істерді қарау ерекшеліктері» тақырыбында өткен брифингте ювеналды соттың жұмысы туралы айтылды, деп хабарлады Elorda.info.

Астана қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотының судьясы Айсұлу Жұматованың айтуынша, 2023 жылы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа 71 қылмыстық іс келіп түсіп, 54 іс қаралғанын айтты.

Әкімшілік істер бойынша 2023 жылы 127-бап бойынша 202 іс, 2024 жылдың 5 айында 83 іс, ұсақ бұзақылық 31/24, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерсіз жүруі – 65/44 іс келіп түсті, - деді А.Жұматова.

Оның айтуынша, 2023 жылы пилоттық жоба аясында Астана қаласы сотының бастамасымен сот ісін жүргізу орбитасына түскен кәмелетке толмағандарды әлеуметтендіру үшін «Ізгілік жолы» жобасы жұмыс істеді. Сондай-ақ жоба шеңберінде кәмелетке толмағандарға үкім шығарылғаннан кейін пробация қызметімен бірлесе отырып, колледждерде, мектептерде оқуды жалғастыруға, спорт секцияларына қатысуға, емделуге, жаңа кәсіптерге оқуға, кәмелетке толмағандарға тұрақты табыс табуға, бұрынғы ортадан кетіп, жаңа өмір бастауға көмектескен мамандар, психологтар, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер жұмыс атқарған.

Пилоттық жоба өзінің тиімділігін көрсетті, сондықтан оны іске асыру мемлекеттік деңгейде қаралуда. Ювеналды соттар Қазақстанда посткеңестік кеңістік елдерінің арасында алғашқылардың бірі болып құрылды және баланың құқықтарын қорғау үшін өзінің тиімділігі мен айрықша маңыздылығын дәлелдеді, -  ол.

Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде  әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
04.07.2024 | 21:39
Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
04.07.2024 | 21:35
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады
04.07.2024 | 21:09
Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады
Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі
04.07.2024 | 21:05
Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі
Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды
04.07.2024 | 20:08
Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды
Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді
04.07.2024 | 17:56
Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент
04.07.2024 | 17:50
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент
Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент
04.07.2024 | 17:41
Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент
Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
04.07.2024 | 17:35
Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады
04.07.2024 | 17:30
Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады
Все новости