00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Құқықтық тәртіп: Бейнебақылау камераларының көмегімен 125 қылмыс ашылды

05.04.2024 | 18:14
Елорда ақпарат
133
Құқықтық тәртіп: Бейнебақылау камераларының көмегімен 125 қылмыс ашылды
Фото: дереккөз

ІІМ онлайн-брифингінде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасының қорытындысы айтылды, деп хабарлады Elorda.info.

Іс-шараға 14 мыңға жуық полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшісі жұмылдырылды.

10 күн ішінде іздеуде жүрген 71 адам ұсталып, белгіленген тұрғылықты жеріне келмеген 24 сотталған азамат анықталды. Арнайы қабылдау-тарату орнына 661 адам орналастырылды. Олардың арасында белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар, құжаттары жоқ шетелдіктер бар.

Рейдтік іс-шаралар барысында тыйым салынған заттарды заңсыз сақтау мен алып жүрудің 362 фактісі анықталып, 92 кг есірткі, 35 атыс қаруы және 161 суық қару тәркіленді.

Жол қозғалысын қадағалау кезінде жылдамдық режимін сақтамаудың 22 мың фактісі, қарсы жолаққа шығудың 337 фактісі тіркелді. Автокөлікті мас күйде басқарған 437 жүргізуші ұсталды. Жүргізуші куәлігінен айырылса да, көлік тізгіндеген 267 адам анықталды, – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Бейнебақылау камераларының көмегімен 125 қылмыс ашылды.

Көші-қон заңнамасының сақталуына бақылау күшейтілді. 29 мың жалдамалы пәтер, полиция есебінде тұрған, шартты түрде сотталған 74 мың адам тексерілді. Әкімшілік қадағалауды бұзудың 90 фактісі анықталды. Құқық бұзушылыққа қайта жол бергендер қамауға алынды. Қорғау нұсқамасына қарамастан отбасында зорлық-зомбылық жасаған 337 агрессор қамауға алынды, – деді ол.

«Құқықтық тәртіп» іс-шарасы кезінде 61 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды. Қоғамдық тәртіпті бұзған 18 мың адам жауапқа тартылды. Уақытша бейімдеу орталықтары мен медициналық айықтырғыштарға 5 мың адам жеткізілді. Көшеде және ойын-сауық орындарында заңды өкілдерінсіз түнгі уақытта болған 7 мыңға жуық кәмелетке толмаған бала анықталды.

Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде  әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
04.07.2024 | 21:39
Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
04.07.2024 | 21:35
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады
04.07.2024 | 21:09
Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады
Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі
04.07.2024 | 21:05
Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі
Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды
04.07.2024 | 20:08
Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды
Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді
04.07.2024 | 17:56
Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент
04.07.2024 | 17:50
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент
Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент
04.07.2024 | 17:41
Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент
Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
04.07.2024 | 17:35
Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады
04.07.2024 | 17:30
Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады
Все новости