00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Қазақстандық офицер Ресейде баланы өлімнен құтқарып қалды

12.06.2024 | 20:03
Сабина Кәкімжан
99
Қазақстандық офицер Ресейде баланы өлімнен құтқарып қалды
Фото: ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлттық ұланның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, 8 маусымда сағат 19.30 шамасында подполковник Жандос Нұрахметов баласымен Кострома қаласының Галичская көшесінде серуендеп жүргенде, №51 үйдің 2 қабатынан 4-5 жастағы баланың терезеден  терезеден ойыншық, киім, сөмкелерді лақтырып жатқанын көреді.

Мен өтіп бара жатқан тұрғындардан жалғыз отырған бала мен оның ата-анасы туралы сұрай бастадым. Балаға ішке қарай кір деп, қауіпті түсіндірмек болдым. Алайда балақай құлақ аса қоймады. Сол маңда тұратын бір әйел келіп, бұл баланың денсаулығында кінәрат барын айтты. Осы уақытта бала терезе арқауына асылып, сыртқа шығуға ұмтылды. Оның құлап кететінін сезіп, бар даусыммен айқайлай бастадым. Үй ішінде ересек адам болса, дауысты естісін деп. Алайда, ойланып, біреудің шыққанын күтіп тұратын артық уақыт болмады. Дереу құбыр арқылы 2-қабатқа көтеріліп, баланы ақырын терезеге сүйреп апардым. Баламен бірге пәтерге кіріп, үйде ешкім жоқ екенін түсіндім. Мен кетсем, тағы қайталап жүрер деп, балақайды көшеге алып шығып, ата-анасын жақсы танитын көршілеріне тапсырдым, - дейді ұландық офицер.

Айта кетейік, подполковник Жандос Нұрахметов бүгінде Ресей Федерациясының Кострома қаласында Кеңес Одағының маршалы С.К. Тимошенко атындағы радиациялық-химиялық және биологиялық қорғау әскери академиясының тыңдаушысы.

Қазіргі уақытта Қазақстаннан жоғарыда аталған Академияда алты курсант, екі тыңдаушы және бір адъюнкт білім адып жатыр.

Все новости