Қанат Бозымбаев Қарағанды облысындағы су тасқыны жағдайын тексерді
![Қанат Бозымбаев Қарағанды облысындағы су тасқыны жағдайын тексерді](/img/articles/ee7325466ce35f40019298480aa9697c.jpg)
Вице-премьер – Су тасқынына қарсы шараларды үйлестіру және қарғын су жүру кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб басшысының орынбасары Қанат Бозымбаев және Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Қарағанды облысындағы су тасқыны жағдайын тексерді, деп хабарлады Elorda.info.
Премьер-Министр орынбасары және ТЖМ басшысы Қарағанды облысындағы өзен алаптарын әуеден бақылап, өңірдегі ахуалмен танысты. Жағдай күрделі деп бағалануда: өңірде су тасқынының екінші толқыны болжанып отыр. Нұра, Осакаров аудандары аумақтарының 40%-ында және Ақтоғай ауданының солтүстік бөлігінде қар ерімеген. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін су тасқыны қаупі бар аудандарға азаматтық қорғау қызметінің қосымша күштері мен құралдары тартылды. Барлық қажетті жұмыстар жүргізілуде, дамбылар нығайтылып, жергілікті атқарушы органдар мен қызметтер техникамен қамтамасыз етілді.
Штаб басшысының орынбасары төтенше жағдай режимі жарияланған Шет ауданындағы жағдаймен танысты. Төрт ауылда – Қайрақты, Ақсу, Красная Поляна, Деріпсалда 40 үйге су кірген, 292 адам құтқарылды, олардың 114-і бала. Қазіргі уақытта жағдай біршама тұрақталып келеді, кейбір тұрғындар үйіне қайтып келіп жатыр.
Қанат Бозымбаевқа су тасқынының алдын алу үшін қабылданған шаралар туралы баяндалды. ТЖД мәліметінше, ең қиын кезең 29-30 наурызда болған. Қазір су қоймасы күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр.
Нұра мен Шерубай-Нұраның бас жағында қардың тез еруі басылды. Қар беті қалың емес. Нұра өзеніне қосылып жатқан артық су байқалмайды. Қарқаралы және Бұқар жырау аудандары аумақтарында су тасқынының шарықтау шегі өтіп кетті десе де болады, - деп баяндады ТЖД бастығы Мұрат Қатпанов.
Штаб басшысының орынбасары Шет ауданы ауылдарының зардап шеккен тұрғындарымен кездесу барысында су тасқынынан келген барлық шығынды комиссия бағалап, толық өтелетінін атап өтті.
Мемлекет басшысы су тасқыны зардаптарын барынша азайтуды және бірінші кезекте, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Комиссия барлық үйді тексереді. Көмек көрсетіледі, мүлік қалпына келтіріліп, өтеледі. Егер үйлер жарамсыз деп танылса, жаңасы салынады немесе екінші нарықтан басқа баспана сатып алынады, - деп түсіндірді Қанат Бозымбаев ауыл тұрғындарына.
Қазір Штабтың басты назарында – Нұра өзенінің алаптары. Облыс әкімдігі елді мекендерді су басу қаупінің алдын алу мақсатында превентивті шаралар қабылдап жатыр. Өз кезегінде Үкімет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі.
Ақмола облысы мен Астана қаласы әкімдеріне Аршалы және Целиноград аудандарында су тасқынына қарсы күштер мен құралдар дайындау бойынша тапсырмалар берілді.
![](/img/articles/265c0a4bebc8292c69964d17f14d53c5.jpg)
![](/img/articles/3772da515b8a303030b601b1027ae84c.jpg)
![](/img/articles/9038e0736284e5371dc5035b97da03fd.jpg)
![](/img/articles/50693130f3131ecc68e0bce775c77fff.jpg)
![Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов](/img/articles/265c0a4bebc8292c69964d17f14d53c5.jpg)
![Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті](/img/articles/3772da515b8a303030b601b1027ae84c.jpg)
![Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады](/img/articles/9038e0736284e5371dc5035b97da03fd.jpg)
![Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі](/img/articles/50693130f3131ecc68e0bce775c77fff.jpg)
![Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды](/img/articles/7e8ce5cdbeea73413885121d7cb639e0.jpeg)
![Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді](/img/articles/51fec31511ee1ee9a9cb384800c04632.jpg)
![Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент](/img/articles/cee2d1381e6b4f856ad371422e76fe5f.jpeg)
![Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент](/img/articles/dba75aee7c83f8cf6f51a1a1713453b7.jpg)
![Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады](/img/articles/7e9a2da341632f048057b099559f0e2a.jpeg)
![Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады](/img/articles/a5f2e33e1f5ff096d5f3aa1ef10cac93.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)