00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

13.05.2024 | 08:32
118
Еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөз

Бүгін Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы қолайсыз болады. Осыған байланысты «Қазгидромет» бірнеше аймақта дауылдық ескерту жариялады, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгін күндіз Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, күндіз 15-20, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23-28 м/с жел күтіледі.

Ертең Алматы облысының және Алматы қаласының таулы, тау бөктеріндегі аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 17-22 м/с болады.

Бүгін күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз облыстың батысында екпіні 23 м/с болады.

Облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ал Қарағанды облысында оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с жел ұйытқиды.

Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Бүгін Ақтөбе облысының түнде солтүстік жартысында, күндіз оңтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел солтүстікке ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың қиыр оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Астана қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, оның екпіні 15-20 м/с болады.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Бүгін түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының шығысында тұман күтіледі. Ал Абай облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында 15-18 м/с. Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Ертең Түркістан облысының батысында, шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, күндіз найзағай, облыстың шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Ал күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 Бүгін Атырау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. 13 мамырда таңертең және күндіз Қызылорда облысының батысында, орталығында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, орталығында күші 15-20 м/с күтіледі.

Бүгін күндіз Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с болады.

Ертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде  әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
04.07.2024 | 21:39
Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
04.07.2024 | 21:35
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады
04.07.2024 | 21:09
Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады
Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі
04.07.2024 | 21:05
Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі
Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды
04.07.2024 | 20:08
Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды
Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді
04.07.2024 | 17:56
Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент
04.07.2024 | 17:50
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент
Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент
04.07.2024 | 17:41
Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент
Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
04.07.2024 | 17:35
Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады
04.07.2024 | 17:30
Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады
Все новости