00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды

13.05.2024 | 17:15
177
Экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды
Фото: Жоғарғы Сот

Бүгін  Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Бишімбаев пен Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды, деп хабарлады Elorda.info.

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейді. 

Бақытжан Байжанов қылмыстық кодекстің 432-бабы бойынша кінәлі деп танылды. Бақытжан Байжанов 4 жыл түрмеге кесілді.

Тараптардың үкімге шағым түсіруіне 15 күн уақыты бар.

Еске сала кетейік, экс-министрге азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айып тағылған.

Оқи отырыңыздар:

Сотта Бишімбаев өлімге себеп болған жанжалдың неден шыққанын айтқан болатын. 

Бишімбаев бейнебақылау камераларындағы видеоны өшіру себебін айтты.

Бишімбаев ісі: судья Байжановқа тағылған айыптың бірін алып тастады.

«Стаканда неге Нүкенованың саусақ іздері жоқ?» – Бишімбаев жауабы.

Все новости