00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

БҚО-да жасөспірімді зорлау ісі бойынша сот үкімі шықты

06.06.2024 | 13:16
Сабина Кәкімжан
87
БҚО-да  жасөспірімді зорлау ісі бойынша сот үкімі шықты
Фото: Жоғарғы Сот

Батыс Қазақстан облысында жасөспірім қызды зорлау ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлады Elorda.info.

Жоғарғы Соттың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, бұл іс бойынша бес адам сотталды.

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Р. және төрт кәмелетке толмағандар - М., А., Н., Қ.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

А. және Н. - алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен бұзақылық жасау (ҚК-нің 293-бабының 2-бөлігі 1) тармағы);Қ. - автомобильді ұрлау мақсатынсыз айдап кету ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігі), сондай-ақ көлік құралына заңсыз кiрумен бөтеннің мүлкін жасалған ұрлық (ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі 3) тармағы); А. және М. - көлік құралына заңсыз кiрумен адамдар тобының алдын ала сөз байласуылары арқылы жасалған ұрлық (ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі 3) тармағы), - деп жазылған хабарламада.

Оларға  зорлау, яғни алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, жас балаға қатысты жыныстық қатынас жасау. Бұл Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-ші бөлігі.  А. - жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау. Бұл Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-ші бөлігі.

 

11.05.2023 жылы А. және Н., сауда үйінде темекі тартып келе жатқан Н.-ға ескерту жасаған В.-ға дене жарақаттарын салған; 23.05.2023 жылы Қ. «Лада” маркалы автокөлігін ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленіп, көлік иесіне 725 мың теңге мөлшерінде материалдық залал келтірген; 29.05.2023 жылы Қ. «Hyundai” маркалы автокөлігіне заңсыз кiріп, ақша қаражатын ұрлап, көлік иесіне 1 млн. теңгеден асатын материалдық залал келтірген; 10.06.2023 жылы А. және М., «Фолгсваген» маркалы автокөлігіне заңсыз кіріп, ұялы телефонды ұрлап, оның иесіне 130 мың теңге материалдық залал келтірген; 11.06.2023 жылы сотталушылар адамдар тобымен жас қыз баланы зорлаған; А. жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып, сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасағаны сотпен анықталды, - деп жазылған хабарламада.

Сотталушылардың кінәлары сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында берген жауаптарымен, жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, оқиға болған жерді қарап-тексеру, алу, беттестіру хаттамаларымен, жас баладан жауап алу хаттамаларымен, тергеу судьясымен айғақтарды сақтауға қою хаттамасымен, бейнежазбалармен, сараптама қорытындыларымен, соның ішінде жас баланың денесінде көптеген қаңталаудың анықталғаны, қиялдау және еліктеушілік бейімділік белгілері байқалмағаны, тергеу әрекеттеріне қатысушылардан оған психологиялық қысым көрсетілмегендігімен өз дәлелін тапты.

Прокурор тағылған айыпты толығымен қолдады және барлығына нақты бас бостандығын айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Жәбірленушілер сотталушыларға қатаң жаза тағайындауды сұрады. Жәбірленушінің өкілі мен адвокаты, оның сотта берген жауаптарын негізге алып, оған қатысты зорлық-зомбылық болмағанын айтып, сотталушыларға қатысты ақтау үкімін шығаруды сұрады.Қорғау тарапы қылмыс құрамы болмауына байланысты сотталушыларға барлық қылмыстар бойынша ақтау үкімін шығаруды сұрады.Сотталушылар өздеріне тағылған айыпты мойындамады, - деп жазылған хабарламада.

Сотталушылар өздеріне тағылған айып бойынша, яғни ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін кінәлі деп танылды.

Сот, сотталушылардың жасаған қылмыстарының сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, ауырлататын мән-жәйлардың жоғын, М., А., Н. және Қ.-ның қылмыстарды жасаған кезде олардың кәмелетке толмауын ескерді. Сот, сотталушы Р.-ға 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Кәмелетке толмаған М. және Н.-ға қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті 7 жыл 6 ай жылға бас бостандығынан айыру жазасын, ал А. және Қ.-ға 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын сәйкесінше тағайындады. Кәмелетке толмаған М., А., Н., Қ.-ға жаза тағайындау барысында, сот ҚК-нің 81-бабына сәйкес, бас бостандығынан айыру жазасы 10 жылдан аспайтын мерзімге тағайындалатынын ескерді, - деп жазылған хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде  әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
04.07.2024 | 21:39
Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
04.07.2024 | 21:35
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады
04.07.2024 | 21:09
Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады
Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі
04.07.2024 | 21:05
Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі
Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды
04.07.2024 | 20:08
Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды
Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді
04.07.2024 | 17:56
Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент
04.07.2024 | 17:50
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент
Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент
04.07.2024 | 17:41
Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент
Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
04.07.2024 | 17:35
Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады
04.07.2024 | 17:30
Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады
Все новости