00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Батыс өңірінде «Бекіре-2024» науқаны аяқталды

Батыс өңірінде «Бекіре-2024» науқаны аяқталды
Фото: ашық дереккөз

Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарындағы Жайық-Каспий бассейнінде «Бекіре-2024» іс-шара 1 сәуірден 31 мамырға дейін жалғасты, деп хабарлады Elorda.info  azh.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара барысында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының, ішкі істер органдарының, ҚР ҰҚК шекара қызметінің, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының және Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарында 945 құқық бұзушылық (Атырау облысында – 532, Маңғыстау облысында – 223, Батыс Қазақстан облысында – 190) анықтап, жолын кесті.

Іс-шара барысында 694 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның 35-і өрескел заң бұзушылыққа жол бергені үшін сотқа жолданды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне қылмыстық әрекеттердің белгілері бар 71 материал тіркелген, оның ішінде 50 материал ҚР ҚК-нің 339-бабы (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша, 17 материал ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы бойынша (Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын немесе жасырын тергеу іс-қимылдарын жүзеге асыру), 4 материал ҚР ҚК-нің 196-бабы (Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп түсіндірді Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының балық шаруашылығы бөлімі бастығының міндетін атқарушы Олег Тушканов.

Құқық бұзушыларға 19,4 миллион теңге айыппұл салынғаны атап өтілді. Заңсыз айналымнан 11 тонна 307,7 келі, оның ішінде 2 тонна 229,35 келі бекіре тұқымдас балық түрі және 8 келі 328 грамм бекіре уылдырығы тәркіленді.

Заң бұзушылардан 162 дана балық аулау құралдары мен 44 дана жүзу құралдары тәркіленді, сонымен қатар учаскелерді күн сайын сүзу кезінде судан ұзындығы 300 шақырымнан астам 1416 дана браконьерлік ау-құралдары алынды.

Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде  әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
04.07.2024 | 21:39
Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
04.07.2024 | 21:35
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады
04.07.2024 | 21:09
Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады
Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі
04.07.2024 | 21:05
Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі
Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды
04.07.2024 | 20:08
Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды
Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді
04.07.2024 | 17:56
Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент
04.07.2024 | 17:50
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент
Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент
04.07.2024 | 17:41
Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент
Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
04.07.2024 | 17:35
Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады
04.07.2024 | 17:30
Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады
Все новости