00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Балаларға пойызға билет сатып аларда қандай ережелерді білген жөн

Балаларға пойызға билет сатып аларда қандай ережелерді білген жөн
Фото: Google.com

Жазғы демалыс басталысымен жұрттың көбі саяхатқа шығуға асығатыны анық. «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарда балаларды алып жүру ережелерін еске салды, деп хабарлады Elorda.info ҚТЖ-ға сілтеме жасап.

Сонымен, ата-аналарға 7 жасқа дейінгі бір баласын тегін тасымалдауға рұқсат етіледі. Жеке орын алу үшін балалар билетін сатып алу қажет.

Егер 7 жастан аспаған бірнеше баласы бар отбасы саяхаттаса, онда бір ересек адам тек бір ғана баланы тегін алып жүре алады. Ал қалғанына балалар билетін сатып алу қажет.

7 жастан 15 жасқа дейінгі жеткіншектерге балалар билетімен жүруге рұқсат етіледі. Балалар билетінің бағасы ересектер билетінің елу пайызына тең.

15 жастан асқан жасөспірімдерге ересек билеті сатып алынады. Бұл жастағы балалар ересек адамның еріп жүруінсіз өз бетінше саяхаттай алады. Бірақ олардың заңды өкілінің нотариалды куәландырылған жазбаша келісімі болуы қажет

Жазғы демалыс кезінде көптеген ата-ана балаларын пойызбен жазғы лагерьлерге жібереді. 15 жасқа дейінгі ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдау үшін арнайы ережелер бар. Әр 10 балаға бір ересек және бүкіл топқа бір медициналық қызметкер еріп жүруі керек.

Кәмелетке толмағандарды ертіп жүру үшін ересек жолаушы балалардың ата-аналарынан нотариалды куәландырылған сенімхат алуы керек. Бұл шаралар саяхат барысында жас жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету үшін қажет.

Мемлекетаралық тасымалдар үшін мына ережелер қолданылады:

5 жасқа дейінгі балаларға тегін жүруге рұқсат етіледі;

5жастан 10 жасқа дейінгі жеткіншектер балалар билеттері бойынша саяхаттайды;

10 жастан 15 жасқа дейінгі балалар Қазақстан ішінде толық билет құнының 50 пайызын төлейді, ал басқа мемлекеттер аумағында толық тариф бойынша жүреді.

Егер бала ата-аналарымен саяхаттаса, билет сатып алу және пойызға отыру кезінде баланың туу туралы куәлігі немесе төлқұжаты ұсынылуы тиіс.

Егер бала заңды өкілсіз бөгде адаммен саяхаттаса, ересек жолаушы пойызға отыру кезінде ата-аналардың екеуінен де нотариалды куәландырылған рұқсат көрсету қажет.

Все новости