00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Ақтауда теңіз жаяу әскерлері «қарулы топтың» көзін жойды

25.02.2023 | 04:40
Елорда ақпарат
50

Оқу-жаттығудың жоспарына сәйкес теңіз жаяу әскерлерінің бригадасына елді мекенді заңсыз қаруланған құрамалардан тазарту міндеті жүктелді.

Осыған байланысты барлау, танк, артиллерия, зениттік, инженерлік-саперлік бөлімшелермен, сондай-ақ армияның авиациялық топтармен және ұшқышсыз ұшу аппараттарының есептоптарымен күшейтілген батальондық тактикалық топ құрылды.

Оқу-жаттығуға барлығы 400-ден астам әскери қызметші тартылып, 100-ге жуық қару-жарақ пен әскери техника жұмылдырылды.

Теңізшілер шартты жауынгерлік қолдану аймағына марш жасап, аймаққа тосқауыл қойды. Ұшқышсыз басқарылатын құрылғыларды қолдана отырып жасалған үздіксіз барлау нәтижесі содырлардың күштері мен құралдарының жиналған жерін анықтауға мүмкіндік берді.

Содырлар берілуден бас тартқан соң, қолдағы бар қарумен заңсыз қарулы құрамалардың көзін жойды. Ал әскери қызметшілер елді мекеннің барлық нысанына бақылау орнатты.

Қаладағы ұрыс – жауынгерлік іс-қимылдың аса күрделі түрлерінің бірі. Сондықтан ірі қалаларда, яғни адам көп шоғырланған ортада әрекет ету үшін әскерлерді даярлау жүйесін жетілдіреміз. Бұл оқу-жаттығуға қатысушылардың бәрі күрделі әрі тез өзгеретін жағдайда кәсіби іс-қимылдағы ептілігін көрсетті, - деп атап өтті теңіз жаяу әскерлері бригадасының командирі, подполковник Жаннұр Сатқынов.

Бұдан бөлек, тактикалық оқу-жаттығу барысында Шекара қызметі мен Қарулы күштердің бөлімшелері банда құрамалары резервтерінің кіруіне жол бермеу үшін мемлекеттік шекараны күзетуді күшейтуге қатысты оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындады. Ұлттық ұлан мен полиция жақын маңдағы елді мекендерде соғыс жағдайында құқықтық режимді қолдау жөніндегі шараларды жүзеге асырды. Бұл шаралар теңіз жаяу әскерлерінің белгіленген жауапкершілік аймағында арнайы әскери іс-қимылды нәтижелі өткізуіне септігін тигізді.

«Батыл тойтарыс – 2022» ведомствоаралық стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың күштік құрылымдарды тиімді үйлестіруді қамтамасыз ету, олардың жедел және әскери-техникалық үйлесімділігін жолға қою, сондай-ақ ведомствоаралық үйлестіруді күшейту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында өткізіліп жатқанын айта кеткен жөн.

Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде  әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
04.07.2024 | 21:39
Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
04.07.2024 | 21:35
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады
04.07.2024 | 21:09
Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады
Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі
04.07.2024 | 21:05
Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі
Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды
04.07.2024 | 20:08
Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды
Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді
04.07.2024 | 17:56
Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент
04.07.2024 | 17:50
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент
Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент
04.07.2024 | 17:41
Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент
Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
04.07.2024 | 17:35
Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады
04.07.2024 | 17:30
Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады
Все новости