00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Ертеңнен бастап eGov.kz порталына кіру тәртібі өзгереді

25.02.2023 | 02:28
Елорда ақпарат
106

14 наурыздан бастап eGov.kz порталының пайдаланушылары үшін логин/пароль және бір реттік СМС арқылы кіру жеке-жеке қолжетімсіз болады, – делінген сайт хабарламасында. 

Енді eGov.kz порталындағы деректер екі факторлы аутентификациямен қорғалады.

eGov.kz порталына кіру үшін пайдаланушылар:

  •  логин / ЖСН енгізу;
  •  құпиясөзді енгізу;
  •  мобильді азаматтар базасында тіркелген телефон нөміріне жіберілетін бір реттік СМС-кодты енгізу арқылы кіруді растау қажет. Осылайша қауіпсіздіктің жоғары деңгейі қамтамасыз етіледі.

Электрондық-цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ), биометрия және eGov mobile мобильдік қосымшасының көмегімен QR-кодты сканерлеу арқылы кіру аутентификация әдістері өзгеріссіз қалады.

2FA немесе екі факторлы аутентификация – бұл пайдаланушыны идентификациялау әдісі. Бұл әдіс арқылы сіз өзіңіздің аккаунтыңыздың иесі екеніңізді екі түрлі жолмен растауыңыз керек. Оның көмегімен сіздің деректеріңізге үшінші тұлғаларға қол жеткізу әлдеқайда қиын.

Порталдың қызметтерін пайдалану үшін Азаматтардың мобильді базасында тіркелген белсенді телефон нөмірі болуы керек. Нөміріңіз бұғатталған немесе тіркелмеген жағдайда 1414 нөмірі бойынша call-орталыққа хабарласыңыз немесе eGov.kz жеке кабинетіндегі нөмірді ауыстырыңыз.

Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде  әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
04.07.2024 | 21:39
Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
04.07.2024 | 21:35
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады
04.07.2024 | 21:09
Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады
Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі
04.07.2024 | 21:05
Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі
Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды
04.07.2024 | 20:08
Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды
Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді
04.07.2024 | 17:56
Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент
04.07.2024 | 17:50
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент
Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент
04.07.2024 | 17:41
Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент
Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
04.07.2024 | 17:35
Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады
04.07.2024 | 17:30
Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады
Все новости