162 мың жұмыссыз МӘСҚ-тен төлем алды
![162 мың жұмыссыз МӘСҚ-тен төлем алды](/img/articles/e8478eea0fbd8ed47396fd1006bf3b4c.jpeg)
2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 162,6 мың адамды құрады, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл ретте биыл 110,3 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды. Төлемдердің жалпы сомасы 31,8 млрд теңге болды.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге:
- eGov.kz порталында авторизациялану;
- «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінде «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау;
- онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет;
- бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі мансап орталығы (бұдан әрі – МО) бос жұмыс орындарын ұсынады;
- егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда сізге МО қызметкері қосымша ақпарат жинау үшін хабарласады);
Бұл қызметті онлайн режимінде Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы да алуға болады.
Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тен төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады, - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адамды ол жұмыс іздеген кезеңде қолдауға арналған.
![](/img/articles/265c0a4bebc8292c69964d17f14d53c5.jpg)
![](/img/articles/3772da515b8a303030b601b1027ae84c.jpg)
![](/img/articles/9038e0736284e5371dc5035b97da03fd.jpg)
![](/img/articles/50693130f3131ecc68e0bce775c77fff.jpg)
![Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов](/img/articles/265c0a4bebc8292c69964d17f14d53c5.jpg)
![Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті](/img/articles/3772da515b8a303030b601b1027ae84c.jpg)
![Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады](/img/articles/9038e0736284e5371dc5035b97da03fd.jpg)
![Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі](/img/articles/50693130f3131ecc68e0bce775c77fff.jpg)
![Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды](/img/articles/7e8ce5cdbeea73413885121d7cb639e0.jpeg)
![Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді](/img/articles/51fec31511ee1ee9a9cb384800c04632.jpg)
![Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент](/img/articles/cee2d1381e6b4f856ad371422e76fe5f.jpeg)
![Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент](/img/articles/dba75aee7c83f8cf6f51a1a1713453b7.jpg)
![Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады](/img/articles/7e9a2da341632f048057b099559f0e2a.jpeg)
![Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады](/img/articles/a5f2e33e1f5ff096d5f3aa1ef10cac93.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)