00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Биыл кімдерге рақымшылық жасалатыны белгілі болды

24.02.2023 | 17:37
Елорда ақпарат
137

"Алдын ала есеп бойынша 2 236 сотталған адамға және пробация қызметінің есебінде тұрған 11 310 адамға рақымшылық жасалады. Біріншіден, мыңға жуық адам бостандыққа шығады, сондай-ақ, 3,8 мың адам пробация қызметі есебінен шығарылады. Екіншіден, жазаның өтелмеген мерзімін қысқарту 1 294 сотталған мен пробация қызметінде есепте тұрған адамға қолданылады. Үшіншіден, сотқа дейінгі іс жүргізудегі 5 мың қылмыстық іс қысқартылады, оның ішінде 1 674-тен аса адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылады, 1 471 адамға қатысты жаза мерзімін қысқарту немесе босату жөніндегі ережелер қолданылады. Қылмыстық кодекстің 78-бабына сәйкес аса қауіпті қылмыс жасаған адамдарға рақымшылық жасау қарастырылмаған", - деді Тұрғымбаев Мәжіліс отырысында.

Оның айтуынша, елімізде 64 мекеме мен 16 тергеу изоляторында 34 мыңнан астам адам бар, оның ішінде 30 мың сотталған адамға қатысты сот үкімі шығарылды, 4000-ы қамауға алынып, тергеліп жатыр. Олардың 93 пайызы ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаса, 45 пайызы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Бұдан басқа, 32 мыңнан аса адам пробация қызметінің есебінде тұр.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Ішкі істер министрлігі "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасын әзірледі. Заң жобасының мақсаты - ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыс жасағандарды жазасын өтеуден босату, кейбір ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жазаның өтелмеген мерзімін қысқарту. Рақымшылық ардагерлерге, кәмелетке толмағандарға, егде жастағы азаматтарға, 1-2 топтағы мүгедектерге және азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін басқа да адамдарға қатысты қолданылады. Заң жобасы қоғам қайраткерлері мен ғылыми сарапшылардың қатысуымен талқыланды", - деп нақтылады министр.

30 жыл ішінде Қазақстанда сегіз рақымшылық жасалды, соңғы төртеуі Тәуелсіздік күніне орай жасалды.

2020 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда азаматтар мен мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарға рақымшылық жасалатынын мәлімдеді.

Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде  әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
04.07.2024 | 21:39
Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
04.07.2024 | 21:35
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады
04.07.2024 | 21:09
Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады
Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі
04.07.2024 | 21:05
Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі
Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды
04.07.2024 | 20:08
Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды
Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді
04.07.2024 | 17:56
Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент
04.07.2024 | 17:50
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент
Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент
04.07.2024 | 17:41
Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент
Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
04.07.2024 | 17:35
Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады
04.07.2024 | 17:30
Майра Мұхамедқызы ҚХР төрағасының алдында ән шырқады
Все новости