00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Светлана Жақыпова Халықаралық еңбек ұйымының өкілімен кездесті

23.10.2023 | 12:00
59
Фото: дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Еуропа және Орталық Азия елдері үшін халықаралық еңбек ұйымы өңірлік директорының орынбасары Эммануэль Жюльенмен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.

Светлана Жақыпова өз сөзінде ХЕҰ-ның 25-конвенциясын ратификациялауға және республика заңнамасына енгізуге ықпал еткен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің атқарған жұмысын атап өтті.

Сондай-ақ ХЕҰ-ның «Дамушы елдерді ескере отырып, ең төменгі жалақы мөлшерін белгілеу туралы» № 131 Конвенциясын ратификациялауға ағымдағы дайындық қадамдары және ұлттық заңнаманы жетілдіру әрі кәсіподақтар мен жұмыс берушілерге бірлестік бостандығына толық құқық беру мақсатында жүргізілетін басқа да жұмыстар талқыланды.

Министрдің айтуынша, «Кәсіптік одақтар туралы» Заңға өзгерістер енгізу жоспарлануда: кәсіптік қағидат бойынша кәсіподақтар құру және олардың қызметі мүмкіндіктерін кеңейту, кәсіподақтардың талаптарын ұсыну туралы шешім қабылдау тәртібінің нормаларын және кәсіподақтардың татуластыру комиссиясы мен еңбек төрелігінің жұмысына қатысу тәртібін нақтылау, салалық кәсіподақтар үшін мәртебені растау үшін талаптарды оңайлату және т.б.

Өз кезегінде, Эммануэль Жюльен бірлескен жұмыстың жоғары өнімділігі үшін алғыс білдіріп, сондай-ақ қазақстандық жұмысшылардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша Еңбек министрлігі іске асырып жатқан шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Барлық жаңалықтар