00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

ҚР Сыртқы істер министрі Сербия Президентінің қабылдауында болды

30.11.2023 | 04:00
58
Фото: дереккөз

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Белградқа ресми сапары барысында Сербия Президенті Александр Вучичпен кездесті, деп хабарлады Elorda.info.  

Кездесу барысында Сербия мемлекетінің басшысы А.Вучич екіжақты өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін, аса жоғары және жоғары деңгейлерде орнықты саяси диалогты дамытуды, сондай-ақ екі елдің екіжақты форматта да, халықаралық құрылымдар шеңберінде де тиімді өзара іс-қимылын қанағаттанушылықпен атап өтті. 

ҚР СІМ басшысы М. Нұртілеу Сербия Президентіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ізгі тілектері мен жылы лебіздерін жеткізіп, Мемлекет басшысының келесі жылы Астанаға сапармен келуге шақырғанын айтты. 

Қазақстандық дипломат сұхбаттасын өзінің серб әріптесімен өткен келіссөздер жөнінде, оның барысында жан-жақты байланыстарды жандандыру бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілгені туралы хабардар етті. 

Астана мен Белградтың ортақ мүдделерге негізделген сенімді қарым-қатынастармен мақтануға толық негіз бар, – деді М. Нұртілеу. 

Сұхбаттастар екі елдің әскери-техникалық салада, ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, туризм, білім беру және мәдениет салаларында ынтымақтастық перспективаларының бар екенін атап өтті. 

Кездесу барысында сондай-ақ жаһандық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері туралы пікір алмасу өтті.

Барлық жаңалықтар