00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Президент сапары: Қазақ-қытай қарым-қатынасының жаңа белесі

18.10.2023 | 06:30
73
Фото: ашық дереккөз

Көршің байыса, қуан деген бар. Бұл жағынан ұлы көршіміз аспанасты елі Қытайдың әлемдегі екінші экономикалық держава екенін ескерсек, бұл елмен  экономикалық ынтымақтастықты күшейтіп, ортадағы қарым-қатынасты нығайту еліміздің басты басымдықтарының бірі болуы тиіс.

 Кешегі ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қытайға барған сапары да осы қыруар шаруаның бір бөлшегі болмақ. 

Биылдың өзінде бір емес бірнеше рет Қытай басшысымен кездесуінің өзінде үлкен бір саяси-экономикалық астар бар.

Осы жолы да Қытай елінің төрағасы Си Цзиньпин еліміздің егемендігі мен жерінің тұтастығына кепілдік беріп, қолдайтындығын жеткізді. Естеріңізде болса, бұл Қазақстанға қатысты Бейжиннің осчы сипаттас сөздері, былтыр қыркүйекте де айтылған.

Осы орайда  мұхиттың арғы жағындағы АҚШ билігі де Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің егемендігіне, аумақтық тұтастықта, дамуының кепілі болуға тырысып бағатындығын көрсеткен еді.

Әрине, геосаяси кеңістіктегі басымдықты Орталық Азия бойынша алғанда, Қазақстанға үлкен сенімділік артатыны байқалады. Оның үстіне, қытай тілін жатық білетін, дәм-тұзы мен оқуынан хабардар Президентіміздің де үлес-салмағы белгілі оларға. Сол себепті, ауамалы-төкпелі бүгінгі геоэкономикалық ахуалдың өзгеріп тұрған шағында, саяси қолдаулардың ауадай қажеттігі даусыз. 

Бұл жайында биік мінберден Қытай тарапына, Қасым-Жомарт Кемелұлы  әлемде қанша халықаралық жағдайлардың ушығуы байқалса да, Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара сенімділік байланысының мызғымайтындығын жеткізіп бақты. Әлбетте, дұрыс пікір.

Бұл сапарда екі жақ кездесулерінің нәтижесі, алдыңғы жасалған экономикалық келісімдердің қарқынды жүзеге асырылып жатқаны айтылды. Мәселен, 52  біріккен жобалардың айналымы осы күндері 21 млрд АҚШ долларын құрады. 

Ал былтырғы қолға алынған Қытай мен Қазақстан азаматтары үшін көбірек мүмкіндіктер жасайтын - өзара визасыз режим туралы келісімнің нәтижесінде, Мемлкет басшысы келер жылды Қытайдағы қазақстандық туризм жылы етіп жариялауды ұсынды. 

Әрине, бұл мәдени-гуманитарлық, сауда-саттықтың дамуына әсер ететін қадам болып есептеледі. Президент Қ.Тоқаевтың сөзімен айтсақ, «қазақ-қытай қарым-қатынастарының жаңа сапалы байланысының деңгейін арттырады».

Бұл жерде мың жылдық жоспармен жүретін әлемнің екінші экономикасының иесі, Қазақстанды қашанда сауда жолынан бөлек ірі энергетикалық аумақ ретінде қабылдайтынын ұмытпауымыз керек.

2022 жылдың басында Қазақстан мен Қытай елі кіретін Орталық Азия «біртұтас тағдыр қауымдастығының» құрылысы негізін бекітті.

Әлбетте, еліміз қарқынды даму жолында үлкен мүмкіндік алаңын пайдаланып қалудан тартынбайды. Сәйкесінше, кеден, логистика, сауда-саттық, инвестициялық артықшылықтары тұрғысынан ортақ күн тәртібіндегі мәселелерден ұтылмайтын келісімдер әлі-ақ қолға алына береді. Егер жекелей қарасақ, Қытай мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 23,6% ұлғайды, қазір 31 млрд доллардан асты.Бұл экономикалық байланыстың айқын көрінісі. 

Жоғары деңгейдегі кездесулерде, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту бойынша, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистикалық салаларын, және энергетикадағы ынтымақтастықты кеңейту жайында, мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері жан-жақты қаралды. Екі елдің көшбасшылары, қолға алынған жобалардың маңыздылығына тоқталып, инвестициялық біріккен келісімдердің өзара мәдени ынтымақтастықтардың шеңберінде орындалатындығын атап өтті. 

Бұның айқын көрінісі ретінде, Қытай тарапы аталған сапарда шығыстың ғұлама ұлы әлемнің екінші ұстазы атанған жерлесіміз Абу-насыр әль-Фарабиге арнайы бюстің ашылуын айтуға болады. Бұны мәдени өзара байланыстың тереңдегенімен байланыстыруға болады.

Мақсат ЖАҚАУ

Барлық жаңалықтар