00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Президент ІІM басшылық құрамымен кеңес өткізді

02.09.2023 | 07:00
39
Фото: akorda.kz

Жиында Мемлекет басшысы жаңа Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті таныстырды, деп хабарлады Еlorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

ми бир.jpg

Президент ведомствоның жаңадан тағайындалған басшысы ішкі істер органдарында 30 жыл еңбек еткенін, аудандық жедел уәкіл қызметінен министрдің орынбасары лауазымына дейінгі сатыдан өткенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұрынғы министр Марат Ахметжановтың басшылық еткен кезінде ішкі істер органдарының қызметін ұйымдастырудағы оң өзгерістерге ерекше назар аударып, цифрлық технологияларды енгізу, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін жедел тіркеу, сондай-ақ полиция жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету сынды бастамаларына тоқталды.

ми еки.jpg

Кеңес барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі Қазақстан халқына Жолдауында азаматтарымыздың әл-ауқатын жақсарту және түбегейлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жөнінде нақты тапсырмалар бергенін айтты. Аталған тапсырмалардың іске асырылуы көбіне құқықтық тәртіптің деңгейіне байланысты екенін және осы ретте полиция маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

ми уш.jpg

Мемлекет басшысы ішкі істер органдарының жұмысын түбегейлі өзгертуге, халықпен және азаматтық қоғам институттарымен тұрақты байланыс жасауға қатысты жаңа идеялардың қажеттігіне назар аударды

Сервистік полицияны дамыту ісін жалғастыру керек. Ол үшін тұрғындарға құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін ынтымақтастықтың өзара тиімді жолдарын ұсыну қажет. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жүйесі де айтарлықтай өзгерістерді қажет етеді. Биыл 30 маусымда ІІМ кеңейтілген алқа отырысында берген тапсырмаларымның іске асырылуын қамтамасыз ету керек. Жүктелген міндеттер – өте маңызды. Сондықтан оларды табысты орындау үшін барлық жеке құрам және ең алдымен, министрлік басшылығы жұдырықтай жұмылуы қажет, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент ІІМ басшылығына жүктелген міндеттерді сапалы әрі уақтылы жүзеге асыру ісінде табыс тіледі.

Барлық жаңалықтар