00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Марапат алғандардың көпшілігі қарапайым еңбек адамдары

24.10.2023 | 05:00
65
Фото: Ақорда

Республика күні мерекесіне орай еліміздің бір топ қарапайым еңбек адамдары Мемлекет басшысының жарлығымен түрлі наградаларға ие болды,  деп хабарлады Elorda.info

Ақорданың ресми сайтының хабарлауынша, жалпы биылғы мемлекеттік наградаларды тағайындауда қарапайым азаматтарға басымдық берілген. 

Атап айтқанда, марапатталғандар арасында 298 ұстаз бен денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, 259 ауыл шаруашылығы маманы, 119 еңбек ардагері, өндіріс саласының 88 жұмысшысы бар.

Бұл – қарапайым еңбеккерлердің мәртебесін асыруға, қоғамдағы қадірін арттыруға бағытталған нақты қадам, - делінген дерекөз таратқан ақпаратта. 

Наградталғандардың тізімі баспасөзде жарияланады.

Барлық жаңалықтар