00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Германия Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты

20.06.2023 | 15:30
86
Фото: akorda.kz

Германияның Федералды Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны және құрмет көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

– Сіз Германия мен Қазақстан арасындағы ұзақмерзімді қарым-қатынас жөнінде айттыңыз. Шын мәнінде, біздің байланыстарымыз берік. Былтыр екі елдің арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 30 жыл толды. Осы уақыт аралығында ынтымақтастығымыз нығая түсті. Бұған Қазақстанда өмір сүретін неміс диаспорасы және Германия Федеративті Республикасына Қазақстаннан көшіп келген бір миллионға жуық немістер үлес қосты. Олар елдеріміз арасындағы қарым-қатынасты жандандырды. Осы сапар арқылы екі ел арасындағы жан-жақты байланыстарға қатысты ұстанымдарымыз ортақ екенін жеткізгім келеді. Өзіңіз атап өткендей, қазіргі күрделі халықаралық жағдайда Қазақстанмен және Орталық Азия елдерімен серіктестікті кеңейтіп, қарым-қатынасымызды нығайтуды көздеп отырмыз, –  деді Франк-Вальтер Штайнмайер.

 

Барлық жаңалықтар