00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президентін құттықтады

05.10.2023 | 11:30
46
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды туған күнімен құттықтап, бауырлас Тәжікстанды дамыту жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс пен бақ-береке тіледі.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтуға Тәжікстан Президентінің қосқан жеке үлесі туралы жоғары пікір білдірді.

Тараптар Қасым-Жомарт Тоқаевтың Душанбеге және Эмомали Рахмонның Астанаға жасаған сапарларының қорытындыларын оң бағалады. Бұл сапарлар қазақ-тәжік қатынастарының ерекше сипатқа ие екенін көрсетті.

Бұдан бөлек, президенттер өңірлік күн тәртібін, сондай-ақ трансшекаралық су көздерін пайдалану және сауда-экономикалық ықпалдастық мәселелері жөніндегі уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

Барлық жаңалықтар