00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Анталияда Қазақстан мен Түркияның СІМ басшылары кездесті

01.03.2024 | 08:38
74
Фото: дереккөз

Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады. Сұхбат барысында екіжақты өзара іс-қимылдың барлық спектрі бойынша қазақ-түрік қатынастарының даму динамикасына жоғары баға берілді.

Екі елдің білім беру саласындағы транзит-көліктік, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық пен білім беру саласындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сыртқы саяси ведомстволарының басшылары сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібі мәселелері бойынша, оның ішінде интеграциялық бірлестіктер желісі бойынша «сағаттарын теңестірді», олардың арасында екі мемлекет үшін Түркі мемлекеттерінің ұйымы ерекше орын алады.

Барлық жаңалықтар