00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Президент елді тұрақсыздыққа апаратын әрекеттерге жол берілмейтінін айтты – Серікзат Дүйсенғазы

01.04.2023 | 00:17
Сабина Кәкімжан
33

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкімдермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен өткізген жиыны жайлы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ доценті Серікзат Дүйсенғазы пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Жиында Президент бірнеше үлкен мәселені қозғады. Елді тұрақсыздыққа апаратын әрекеттерге жол бермейтінін, және заңсыз әрекеттердің алдын алу қажет екенін айтты. Тіпті ел арасында іріткі салып, қоғамдық тәртіпті бұзуға шақырған адамдар қатаң жазаланатынын жеткізді. Тиісті заңдарымызды қатаң сақтау керектігі мәселесі көтерілген. Ол жағын құптаймын. Екіншіден, Президент бір аймаққа ғана белгілі адамдарға ескерткіш орнату сәнге айналғанын айтты. Орынсыз шешімдерге Республикалық ономастикалық комиссия тосқауыл қоюы керек депті. Ол да дұрыс шешім. Өйткені әркім өз бабасына ескерткіш қоя берсе, елде рушылдық, жершілдік белең алады. Сонымен қатар жиында дәстүрлі исламды дәріптеу туралы айтылған. Сол бағытта Президент әкімдерге құзырлы органдармен бірлесіп, дін саласындағы жұмысты жандандыруды тапсырды. Жалпы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтқандарымен келісемін. Президентіміздің қазіргі атқарып жатқан жұмыстары көңіліме қонады, - деп сөзін түйіндеді.

Барлық жаңалықтар