00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Облыс прокуроры жұмыс орнында қайтыс болды

01.04.2023 | 00:06
Елорда ақпарат
50

Түркістан облысының прокуроры Марат Әлиханов жұмыс кабинетінде көз жұмды, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл ақпаратты Бас прокуратураның баспасөз қызметі растады.

Әзірге аталған деректің мән-жайы белгісіз. Оның денсаулығы туралы ештеңе айта алмаймын. Бір белгілісі, ол бүгін жұмысқа әдеттегідей келген, алайда жұмыс орнында көз жұмған, - деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Марат Тілеуқабылұлы Бас прокурордың бұйрығымен 2020 жылдың ақпанында Түркістан облысының прокуроры болып тағайындалған болатын.

Марат Әлиханов бұрынғы Целиноград облысының Есіл қаласында 1965 жылы туған.

Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық прокуратурасында тағылымдамашы-тергеуші қызметінен бастаған. Ақсу ауданының соты, Павлодар облысының Екібастұз ауданы, Ақсу қаласы мен Павлодар ауданының прокуроры қызметтерін атқарған. Бас прокуратураның басқарма мен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде және Ақмола облысында құқық қорғау органдарының басшылық құрамында қызмет етті. Бас көлік прокуроры Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары болды.

Барлық жаңалықтар