00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстанда Астана халықаралық форумы өтеді

31.03.2023 | 22:43
Елорда ақпарат
11

Халықаралық қоғамдастық жікке бөлінушіліктің күшею және геосаяси бөліну дәуіріне қадам басқан кезеңде Қазақстан негізгі жаһандық сын-қатерлерді шешу үшін күш жұмылдыру мақсатында жаңа диалог алаңы – Астана халықаралық форумын өткізуді қолға алды, деп хабарлады Elorda.info СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форум Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен 2023 жылғы 8-9 маусымда Астанада өтеді. Аталған форум климаттың өзгеруіне, азық-түлік тапшылығына және энергетикалық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді шешу жолдарын қарастыру мақсатында шетел үкіметтерінің, халықаралық ұйымдардың, бизнес пен ғылыми ортаның жоғары лауазымды делегаттарының диалогына арналған алаң болмақ.

Астана халықаралық форумының іске қосылуына Астана экономикалық форумының жетістігі себеп болды. Оның тұжырымдамасы сыртқы саясат, қауіпсіздік және тұрақтылық, энергетика мен климат, сондай-ақ экономика және қаржы сияқты төрт негізгі жаһандық мәселені шешуге арналған. Аталған мәселелер форумның «Диалог арқылы сын-қатерлерді шешу: ынтымақтастық, өркендеу және прогресс жолында» миссиясының өзегі болады.

Форум бағдарламасына негізгі баяндамалар, панельдік сессиялар, пікірталастар және басқа да іс-шаралар кіреді.

Іс-шараға тіркелу рәсімі ашылды. Мүдделі тұлғалар мына сілтеме бойынша тіркеле алады.

Барлық жаңалықтар