00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Тоқаев елорда әуежайынан Түркия Президентін күтіп алды

31.03.2023 | 18:06
Елорда ақпарат
44

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанды елорда әуежайында күтіп алды, деп хабарлады Elorda.info Президент баспасөз қызметінің БОРТ №1 телеграм-арнасына сілтеме жасап. 

Естеріңізге сала кетейік, Режеп Тайип Ердоған елімізге екі күндік мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Президентімен екіжақты кездесу өткізіп, Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-отырысына қатысады. 

Келіссөз барысында өзекті өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасып, тараптар екіжақты инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылайды.

Сонымен бірге, Түркия Республикасының басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне де қатысады.

Барлық жаңалықтар