00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Президент сайлауына қанша қаражат жұмсалады

31.03.2023 | 17:21
Елорда ақпарат
19

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина Президент сайлауын өткізуге кететін қаражаттың қайда жұмсалатынын түсіндірді, деп хабарлады Elorda.info.

ОСК мүшесінің айтуынша, қаражаттың басым бөлігі барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының 70 мыңнан астам мүшесінің ең төменгі жалақы көлемі бойынша бекітілген еңбекақысына жұмсалмақ.

2019 жылы ең төменгі жалақы 42 500 теңге болса, биыл 60 000 теңге болды. Сондай-ақ осы сайлау науқанына арналған сметаның бірден көтерілуі, ең алдымен, кез келген науқанның 80 пайызын құрайтын жалақы қорына байланысты. Бүгінгі таңда біз Қаржы министрлігіне сайлау науқанын өткізудің болжалды сметасын ұсындық. Қазіргі кезде 20,5 млрд теңге сомасын талқылап жатырмыз, - деді Сәбила Мұстафина.

Ол сондай-ақ жаңа облыстар мен жаңа сайлау учаскелерінің құрылуына байланысты сайлау жәшіктерін сатып алу және жарамсыз болып қалған жәшіктерді ауыстыру үшін белгілі бір сома сұратылғанын айтты.

Елімізде жәшік шығаратын төрт кәсіпорын бар, олардың бағасы 72 мыңнан 114 мың теңгеге дейін өзгеріп отырады. Яғни, әр кәсіпорынның урнаны өндіруге кететін шығыны әртүрлі, - деді С. Мұстафина.

Ол сайлау бюллетеньдерінің қымбаттағанына тоқталды.

2019 жылы бір бюллетеньді дайындау құны 11 теңге болса, қазір оның бағасы 22 теңгеге дейін өсті. Біз сонымен қатар Брайль шрифті бар трафарет шығаруды да жоспарлап отырмыз, ол әр сайлау учаскесінде белгілі бір санаттағы тұлғаларға арналған. Бұл кезектен тыс президенттік сайлау болғандықтан, сайлауға қаражат үкімет резервінен бөлінеді, - деді ол.

Барлық жаңалықтар