00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

«Бісміллә» деп Мәжілісте ант беріп, «Әумин» деп министр боп кетті»: Ерлан Қошанов Саясат Нұрбек туралы ойын айтты

25.02.2023 | 08:54
Елорда ақпарат
91

Мәжіліс отырысында спикер Ерлан Қошанов су жаңа Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке табыс тіледі. Мәжіліс төрағасының айтуынша, Саясат Нұрбек аз уақыт ішінде Мәжілістегі заң шығару ісіне зор үлесін қосты.

Әріптесіміз Саясат Нұрбек Мемлекет басшысының шешімімен Ғылым және жоғары білім министрі болып тағайындалды. Президент осы ведомствоға үлкен міндет жүктеп отыр. Сондықтан әріптесімізге осы қызметінде сәттілік тілейік. Парламентте аз ғана уақыт қызмет етсе де, заң шығару ісіне зор үлесін қосты деп ойлаймын. Өте танымал депутат болды, - деді Е.Қошанов.

Оқи отырыңыз: «Бісміллә»: Мәжіліске депутат болған Саясат Нұрбек ант берді (ВИДЕО)

Осы орайда палата отырысында С.Нұрбекке Алғыс хат табысталды.

Өткенде ғана Мәжілісте «Бісміллә» деп ант беріп еді, енді, бірер айда «Әумин» деп министр боп кетті! Табыс тілейміз! - деп Мәжіліс төрағасы елді ду күлдірді.

Барлық жаңалықтар