00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Ұлттық ұлан сарбаздары дауыс берді

25.02.2023 | 08:05
Елорда ақпарат
22

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бойынша орынбасары «Халық Қаһарманы» полковник Қайрат Үмбетовтің айтуынша, әскери бөлімдерде ашылған сайлау учаскелерінде дауыс берушілердің белсенділігі өте жоғары болған. Әскери қызметкерлердің жеке құрамы ғана емес, олардың отбасы да саяси науқанға түгел қатысқан.

Ұлттық ұлан әскері еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығына жауапты. Қандай да бір жағдай болмасын құқықтық тәртіп әскерінің жауынгерлері жоғары азаматтық жауапкершілік пен биік патриоттық рухты көрсете білген. Бүгін әр әскери қызметші Жоғары Бас қолбасшымыз Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған өзгерістерге белсенді қатысып, қолдау көрсететініне  кәміл сенемін, - деді генерал-майор Еркін Ботақанов.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін  Ұлттық ұлан сарзбаздарының 92,8 пайызы  өз дауысын беріп үлгерген. Сайлауға қатысушылардың басым бөлігі – 18-ге енді толған, тұңғыш рет дауыс беру құқығына ие болған жас сарбаздар. Елордада еліміздің әр өңірінен келген 20-дан аса ұлт өкілдері қызмет атқарады. 

Барлық жаңалықтар