00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Министр нәресте өлімінің басты себептерін айтты

25.02.2023 | 07:48
Елорда ақпарат
46

Педиатриялық қызмет жұмысының негізгі көрсеткіштері: сырқаттанушылық, алғашқы мүгедектік, нәрестелер мен балалар өлімінің алдын алу саналады. Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтаудағы ең маңыздысы - жүктілік кезеңінен бастап, яғни ана құрсағында, әрі қарай балалардың өсіп-даму кезеңдерінде медициналық көмек көрсетудің бірыңғай жүйелі стратегиясы мен тактикасын айқындау. Сондықтан, бірінші, бүгінгі таңда жүкті әйелдерде ұрықтың ағзалары мен жүйелерінің ақауларын анықтауға арналған перинаталдық скринингпен қамту толықтай жүргізіледі. Ол 85,4 пайызды құрайды. Ал, хромосомалық ауруларды анықтауға биохимиялық скринингпен қамту – 78 пайыз, - деді министр.

Оның дерегінше, жаңа туған нәрестелердегі денсаулық кемістігі құрылымында ағзалар мен жүйелердің ақаулары 96,3, хромосомалық әртүрлі бұзылулар 3,7 пайызды құрайды. Туа біткен ақаулардан болатын өлім-жітім нәрестелер өлімінің себептері құрылымында екінші орын алады және төмендеу үрдісі жоқ.

Бұл ультрадыбыстық зерттеу мамандарының жетіспеушілігі мен біліктілігінің жеткіліксіздігіне байланысты. Оның ішінде Батыс Қазақстан облысында - 15, Алматы облысында – 13, Ақмола облысында 11 маман жетіспейді. Республика бойынша перинаталдық скринингке арналған ультрадыбыстық зерттеу аппараттарымен жарақтандырылуы 67 пайызды құрайды. Ең төмен жарақтандырылу Түркістан, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, - деді Ажар Ғиният.

Министрдің айтуынша, жағдайды жақсарту үшін перинаталдық скринингті жүргізудің жаңа қағидалары бекітілді. Перинаталдық ультрадыбыстық зерттеу скринингін өткізу стандарты әзірленді. Жылдың басынан бастап, ультрадыбыстық зерттеу диагностикасының халықаралық стандарты бойынша 150 маман оқытылды. Биыл жоғары эксперт-санатының 50-ден астам ультрадыбыстық зерттеу аппараты сатып алынады.

Бұл іс-шаралар: перинаталдық скринингті жүргізудің бірыңғай тәртібі мен алгоритмін қалыптастыруға; заманауи ультрадыбыстық зерттеу аппараттармен жарақтандырылуды арттыруға; ұрықтың даму ақауларын 80 пайызға дейін анықтауды жақсартуға мүмкіндік береді, - деді ол.
 

Барлық жаңалықтар