00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Жастар референдумды қолдады

25.02.2023 | 06:12
Елорда ақпарат
49

Қазақстан Жастар конгресі ұйымдастырған бұл дөңгелек үстел Конституцияға өзгерістер енгізу туралы заң жобасын талқылау аясында ұйымдастырылды. Заңтану, саясаттану саласындағы белгілі сарапшылар мен қоғамдық пікір көшбасшылары Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі мәселелерді талқылады, республикалық референдум өткізу принциптеріне, оған азаматтардың қатысу құқығына тоқталды.

Қазақстан Жастар конгресінің атқарушы директоры Тоқтар Болысов Қазақстанның болашағы елдің стратегиялық ресурсын ұсынатын жастарға тікелей байланысты екінін атап өтті.

Жастар саясатының салалық және өңірлік бағдарламаларын іске асыру шеңберінде жас азаматтарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне белсенді тарту үшін жағдайлар жасалды, жастармен жұмыстың түбегейлі жаңа нысандары енгізілді. Сонымен қатар ілгері, болашағы зор және мақсатқа ұмтылған жастар арасында әлеуметтік лифттің жан-жақты ашықтығын қамтамасыз ету қажет. Жастар саясатымен айналысатын жастар мен атқарушы билік институттары арасында жүйелі түрде диалог жүргізу және коммуникацияларды дұрыс құру, жастарды ел басқаруға көбірек жіберу маңызды, бұл өз кезегінде Қазақстанды жаңғыртуға алып келеді, - деді Тоқтар Болысов.

Қазақстан Жастар конгресі – 2002 жылы II Республикалық жастар форумында құрылған және еліміздің жастар бірлестіктерінің ең ірі желісі, сондай-ақ жеке тұлғаны дамыту және азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін маңызды әлеуметтік институт. Бүгінде Қазақстан Жастар конгресі жастар саясатының барлық институтымен жұмыс істейді және мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың серіктесі, сондай-ақ Қауымдастықтың құқықтық мәртебесіне ие және республикалық ұйымдарды қоса алғанда, жастардың үкіметтік емес ұйымдарын біріктіреді.

Қалиакбар Үсемханұлы

Барлық жаңалықтар