00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Сенат депутаты: Президент ұсынған жалпыхалықтық референдум – тарихи шешім

25.02.2023 | 05:46
Елорда ақпарат
44

Шынында да екінші Конституция 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданған еді. Содан бері 27 жыл уақыт өтіпті. Оған қаншама өзгертулер енгізілді. Еліміздің бұл бас заңы биліктің үш тармағының тепе-теңдігін тек қағаз жүзінде ұстап, ал іс жүзінде авторитарлық суперпрезидентік билік орнатты. Демократияның негізгі принциптері бұзылды. Қазір жағдай мүлдем бөлек.  Президенттің басты ұстанымы халықтың үніне құлақ асатын бір-біріне тәуелсіз Атқарушы, Заң шығарушы және Сот билігін орнату. Бүкіл өркениетті елдердің ұстанымы осындай. Демократияның бұдан басқа жолы жоқ. Сондықтан да Президентіміздің жалпыхалықтық референдум арқылы Ата заңға өзгерістер енгізу ұсынысы - келешек тарихи-саяси шешім болып қалатыны сөзсіз. Мен Президентіммен мақтанамын, – деді сенатор.

Барлық жаңалықтар