00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елімізде маңызды реформалар легі басталды – әлеуметтанушы

25.02.2023 | 02:58
Елорда ақпарат
33

Биылғы Жолдауды бұқара халықтың, қоғамдағы әр тап өкілдерінің ерекше үмітпен, ерекше көңіл-күйде күткенінің куәсі болдық. Әсіресе халық жаңа облыстардың пайда болатыны туралы жаңалықты жылы қабылдады. Ендігі жерде бюджетті жоспарлау міндеті тұр. Неге десеңіз, жаңадан ашылған үш облыс – бұл үш әкімшілік, үш білім басқармасы, үш полиция департаменті, осы секілді басқа да облыс деңгейіндегі маңызды құрылымдар. Олардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін қаражат мәселесі оңтайлы шешілуге тиіс, – деді Р.Салықжанов.

Сондай-ақ ол Мемлекет басшысының Парламенті күшті басқару жүйесіне ауысу керектігін айтқаны алда әлі біршама жағымды өзгерістердің бастауы боларына сенеді.

Әрине, ең бастысы, Жолдауда Президент суперпрезиденттік басқарудан Парламенті мықты жүйеге ауысу жайын көтерді. Соңғы отыз жолда Қазақстанның біртіндеп авторитарлық жүйеге түсіп кеткенін осылайша Мемлекет басшысы өзінің дипломатиялық қалпына салып жұмсақтап айтқан секілді, – дейді әлеуметтанушы.

Оның айтуынша, енді саяси-әлеуметтік өмірімізді жақсарта түсетін өзгерістер басталып келеді.

Кешегі Жолдаудан саяси-әлеуметтік өміріміз бен оның институционалды-құрылымдық өзгерістерін бастайтын, бұрыннан бар жүйені одан әрі жетілдіретін маңызды реформалар легі басталғанын көрдік. Дәрменсіздігін көрсеткен, қылмысқа жол берген, қылмыс жасаған қызметкерлерді мемлекеттік қызметтен аластатудың уақыты келді, – деді Р. Салықжанов.

Барлық жаңалықтар