00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Партияға Amanat атауының таңдалып алынуы кездейсоқтық емес – Әділ Ахметов

25.02.2023 | 01:52
Елорда ақпарат
44

Енді еліміз әрі қарай дамып, басқа салалардан бөлек мәдениетіміз де өркендей беретініне сенемін. Аманат ұғымы бәрімізге зор жауапкершілік жүктейтіні анық. Осы жауапкершілікті көтере білу қай-қайсымыздың да парызымыз болуы қажет. Ал партия халыққа жақын болуы керек. Егер партия халыққа етене жақындай түссе, халық та сенім артып, өтініш-тілектерін жеткізе алады деп ойлаймын. Өйткені қазақта «аманатқа қиянат жүрмейді» деген сөз бар. Сол себепті партияға осы атаудың таңдалып алынуы кездейсоқтық емес деп есептеймін, - деді ол. 

Театр директорының айтуынша, заман ағымына сай саяси ұйымға өзгерістер керек болғаны белгілі. 

Енді партия қатарына білімді де білікті жастарды тарту керек деп ойлаймын. Партия жұмысына жастар араласса, мол тәжірибе жинап, еліміздің дамуына үлес қосар еді, - деді Әділ Ахметов.

Барлық жаңалықтар