00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Партия жанындағы кеңестерге елдің сөзін сөйлейтін тұлғаларды тартамыз – Асхат Оралов

25.02.2023 | 01:43
Елорда ақпарат
34

Халықпен кері байланыс жасау құралдарының тиімділігін арттыру қажет деп санаймыз. Ең әуелі партия жанындағы қоғамдық кеңестердің құрылымын қайта жасақтау керек. Сандық емес, сапалық көрсеткіш маңызды. Кейбір кеңестерде салалық мәселелер бойынша көтеретін сұрақтар тым ұқсас болғандықтан оларды біріктіруді ұсынамыз, – деді А. Оралов.

Оның айтуынша, республикалық деңгейде – 9, аймақтарда – 8, аудандарда 5 кеңестен қалдырған жөн. Ел аумағы бойынша кеңестер саны 700-ге қысқарады.

Бұған қоса олардың құрамы да жаңартылады. Белсенділігі төмен кеңес мүшелерінің орнына елдің сөзін сөйлейтін тұлғаларды тартамыз. Кеңестер отырыстарын барынша ашық, онлайн форматта өткіземіз. Осылайша билік, партия мен азаматтық қоғам арасындағы жан-жақты диалогтың жаңа мәдениетін қалыптастырамыз, – деді партияның атқарушы хатшысы.

Барлық жаңалықтар