00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Адами капиталымызды арттыруға мүдделі болуымыз керек – Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты

25.02.2023 | 01:00
Елорда ақпарат
63

Мәслихат депутатының айтуынша, Президент халықтың көкейіндегі барлық сұраққа жауап берілетінін атап өтті. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік жұмысында азаматтық қоғам мен тәуелсіз сарапшылармен диалог жүргізу және қоғамымыздағы өзекті сұрақтарды талқылауға негізгі басымдық беретінін қаузады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев наурыз айында Қазақстан халқына арналатын Жолдауында жаңа Қазақстанды құрудағы ұсынылатын саяси реформалар халықтың талап-тілектеріне сай, әл-ауқатын көтеретін мәселелер қамтылатынын айтты. Осы орайда, «Жаңа Қазақстанды бірге құрайық» деп үндеу тастағанын білеміз.

Білім қуып, «кәсіп қуып кеткен шетелдегі отандастарымызды Қазақстанға шақыру ойыңызда бар ма?» деген журналист сауалына шетелде жүрген білікті мамандарымыз аз емес, бұл жаhандану заманының әсері екендігін айта келіп, Отанымызға келген адамдардың сапасы жоғары болса, солғұрлым тиімді деп жауап берді. Жаңа Қазақстан тұжырымдамасының іске асуына әсер ететін факторлар еңбекқорлықтың, біліктіліктің идеологиясын көтеру маңызды. Ұлтымыз дүниежүзіне еңбекқор, жұмысына адал ұлт ретінде мойындалатын болса, бұл экономикаға оң әсер ететінін көтерді. Жалпы, адами капитал жоғары болуы қажетттілік екенін атап өтті.
Бұл тұрғыда Мемлекет басшысын және мемлекеттің жаңа реформаларын қолдап, адами капиталымызды арттыруға мүдделі болуымыз керек, – деді ол.

 

Барлық жаңалықтар