00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

«Жаңа Қазақстанды» құру үшін барлық партиялық ресурсты жұмылдыру қажет – Асхат Оралов

25.02.2023 | 00:11
Елорда ақпарат
19

Асхат Оралов партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  «Жаңа Қазақстанды» құру бойынша алға қойған міндеттерін сапалы әрі уақтылы орындау үшін барлық партиялық ресурсты жұмылдыру қажет екендігін айтты.

Біз Мемлекет басшысы белгілеген реформаларды іске асыру мақсатында топтасуымыз қажет. Еліміз үшін осы күрделі кезеңде ауызбіршілік танытып, Президент жақтастырының негізі бола білуіміз керек деп санаймын. «Nur Otan» партиясы – мемлекеттілігіміздің институционалдық тірегі. Біз қоғамдағы барлық конструктивтік күштердің топтасуын қамтамасыз етіп, бар ресурстарды жұмылдыра отырып, қоғамдағы тұрақтылықтықты сақтауға үлкен үлес қоса аламыз. Елдің дамуы үшін ең маңыздысы – саяси тұрақтылық пен қоғамдағы келісім, - деді А. Оралов.

Сондай-ақ, ол Nur Otan ең алдымен, қарапайым мүшелердің, яғни, мұғалімдердің, медицина қызметкерлерінің, өнеркәсіптік кәсіпорындар жұмысшыларының және қарапайым партияластардың мүдделерін қорғауға тиіс екенін атап өтті. Nur Otan партиясының басты мақсаты – халықпен жұмыс жүргізу, проблемаларын білу және оларды шешу үшін жағдай жасау, билік пен халықтың арасында конструктивтік қарым-қатынасты қамтамасыз ету.

Бүгінде Nur Otan-ға үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Сондықтан біз өз жұмысымызды қайта қарауымыз керек. Барлық партиялық органдардың, партиялық фракцияның, қоғамдық кеңестердің, бастауыш партия ұйымдарының жұмыс тиімділігін арттыру қажет. Партияның бастамалары орталықта ғана емес, барлық жергілікті жерлерде көрініс табуы үшін партиялық құрылымдардың бүкіл мүмкіндіктерін жұмылдырған жөн. Әсіресе, бастауыш партия ұйымдарына басымдық беру керек. Біздің 4,5 мыңнан астам бастауыш партиялық ұйымымыз бар. Бұл – кез келген саяси партияның негізгі өзегі, оның нақты күші. «Nur Otan»-ға деген сенім дәл осы бастауыш ұйымдардан бастау алады. «Бастауыш ұйымдар» партиялықтардың пікір алысу, нақты проблемаларды шешу орнына айналуы тиіс. Белсенді емес, тиімсіз басшылардың орнына ашық жиналыстарда нақты беделі бар көшбасшылар сайлануы тиіс, - деді ол.

Барлық жаңалықтар