00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Түркияда Бауыржан Момышұлы туралы кітаптың тұсаукесері өтті

24.02.2023 | 20:33
Елорда ақпарат
50

Жиында сөз сөйлеген елші Абзал Сапарбекұлы биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы екенін және еліміздің егемендігін алғаш болып мойындаған бауырлас Түркияның орнының ерекше екеніне назар аударды. Осыған байланысты елші Түркияда көптеген іс-шаралардың өткізілгенін еске салып, бүгінгі іс-шараның да тәуелсіздік мерейтойына және қазақтың біртуар батыры әрі жазушысы Бауыржан Момышұлының рухына тағзым және оның 111 жылдығына тарту екенін атап өтті.

Бауыржан Момышұлы Кеңес Одағының азаматы және Қызыл армия қолбасшысы. Дегенмен ол өмір бойы ұлттық болмысын сақтап, ұлттық рухын биік көтеріп өткен өз халқының бел баласы. Сондықтан ол сол кезеңде жаппай қолданылатын -ов жұрнағын тегіне алмай, ұлы сөзін қолданып, «Момышұлы» тегін мақтанышпен алып жүрген нағыз қаһарман, - деді ол.

Іс-шарада сөз өйлеген аталған шығарманың авторы белгілі ғалым, түрік тілі мен әдебиетінің оқытушысы және аудармашы Ашур Өздемір Түркістанның жүрегі болып табылатын Қазақстан мемлекетінің тарихына, оның мәдениеті мен әдебиетіне тоқталып өтіп, әл-Фараби, Ахмет Яссауи, Абай, Баласағұн сияқты ұлы даналардың мекенінде дүниеге келген Бауыржан Момышұлының кім болғаны, оның өмірі, соғыс кезіндегі бастан кешкен оқиғалары мен соғыстан кейінгі жазушы ретіндегі өмірі туралы кеңінен баяндады.

Шара барысында Б.Момышұлының өз даусымен түсірілген қысқаша деректі фильм көрсетілді. Жиналған қауым бұл фильмнен терең әсер алып, Момышұлын одан әрі тани түсті.

Барлық жаңалықтар