00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Тұрақты даму рейтингісінде Қазақстан алты сатыға жоғарылады

24.02.2023 | 17:07
Елорда ақпарат
40

Тұрақты даму мақсаттары әлемде кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікпен күреске, сондай-ақ планетаны қорғап, бейбіт өмірді қамтамасыз етуге бағытталған.

Рейтингтегі 193 елдің ішінде Қазақстан алты сатыға алға жылжып, 59-орынға жайғасты. Осылайша біздің ел Бразилия, Малайзия, Түркия, Сингапур және Өзбекстаннан үлгері тұр.

Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу міндеті мемлекетке, оның ішінде үкіметке, жергілікті атқарушы органдарға, орталық мемлекеттік органдарға жүктелген. 

Сонымен қоса Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуіне квазимемлекеттік сектордағы кәсіпорындар үлкен үлес қосуда. “Самұрық-Қазына” және “Бәйтерек” ұлттық холдингтары бүгінде тұрақты дамуға бағытталған құжаттарды әзірлеп жатыр.

Барлық жаңалықтар