00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы қымбаттады

24.02.2023 | 15:52
Елорда ақпарат
44

Бүгін Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің, орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен кеңес өтіп, онда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына және жанар-жағармай материалдарына бағаны реттеу мәселесі қаралды.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 0,2% құрады. Бұған жұмыртқаның 2,7%-ға қымбаттауы әсер етті. Жұмыртқа бағасының ең көп өсуі Маңғыстау (21,8%), Шығыс Қазақстан (16,6%) және Ақтөбе (12,1%) облыстарында тіркелді. «Айналым схемасы» шеңберінде өңірлерде 167,7 мың тонна әлеуметтік маңызы бар тауарлар сатып алынды. Ең көп жасалғаны нан (41 мың тонна), картоп, ұн және қант (71,6 мың тонна) қоры болды. Күнбағыс майын, қарақұмық, сиыр еті мен қырыққабатты сатып алуға қаржыландыру ұлғайтылатын болады. Нан бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында биылғы жылдың соңына дейін өңірлік тұрақтандыру қорларынан интервенциялар жүзеге асырылады, ал кейіннен «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ-дан арзандатылған бидай сатып алу арқылы жүзеге асады. Заңнамаға тиісті түзетулер мемлекеттік органдардың қарауында», делінген Үкіметтің ресми сайтында.

Барлық жаңалықтар