00:00
Астана -10oC
USD:
441.58
EUR:
480
RUB:
4.86
Іздеу

Қазақстан-Үндістан елдерінің әскери білім берудегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды

24.02.2023 | 15:16
Елорда ақпарат
36

Кездесу барысында тараптар өзара қызығушылық тудырған өзекті мәселелерді талқылады.

Әскери білім беру, жауынгерлік даярлық пен бітімгершілік ауқымындағы ынтымақтастық перспективалары қаралды.

Қорғаныс ведомствосының басшылығы Үндістан әскери атташесінің Қазақстандағы бітімгершілік миссиясын дамытуға қосқан үлесін атап өтті. Олардың жүргізіп отырған жұмысының арқасында «Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштері» миссиясына қазақстандық бітімгершілік ротасының Үнді батальоны құрамында қатысуы туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Полковник Милан Налаваденің 2017 жылдан бері жалғасып келе жатқан Қазақстандағы миссиясы осы жылдың қазан айында аяқталады.

Айта кетсек, осы жылдың маусымында ҚР ҚМ Бітімгершілік даярлық орталығына барған үнді тарапы осы орталықты дамыту аясындағы өзара іс-қимылды нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Барлық жаңалықтар