00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Жаратылыстанушылардың IYNT-2023 халықаралық турнирі өтті

07.09.2023 | 09:30
55
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

«Бөбек» Ұлттық білім беру-сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен өткен Жаратылыстанушылардың IYNT-2023 халықаралық турниріне тоғыз елден 200-ден астам оқушы қатысты, деп хабарлады Elorda.info.

Бір апта бойы жас зерттеушілер физика, химия, биология пәндері бойынша білімдері мен қабілеттерін кеңейтуге, сондай-ақ күрделі есептерді шешу үшін математикалық және бағдарламалық құралдарды пайдалануға мүмкіндік алды.

Турнирде Пәкістан, Уганда, Болгария, Румыния, Хорватия, Грекия мен Қазақстанды қоса алғанда 9 елдің 19 командасы бақ сынады. Қатысушылардың жалпы саны 220-ға жуық болды.

Байқау қорытындысы бойынша:

1 орын- Грузиялық  «Georgia National» командасы;

2 орын - Болгариядан келген «Bulgaria A» және хорватиялық «TeamCroatia» командалары;

3 орынды Грекиядан «Hellas Shockwave», Hellas Casper командалары мен Болгариядан «Bulgaria B», Пәкістаннан «White», Румыниядан «Limitless 4.0»,«Axis Mundi» командалары өзара бөлісті, - деп жазылған ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтында

айта кетейік, IYNT-2023 – қатысушылардың ғылым саласындағы мәселелерді шешу, өз пайымдарын дәлелдеу және ғылыми дискуссияларда қорғау қабілеттерін дамытуға бағытталған командалық сайыс.

Барлық жаңалықтар