00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Робототехника чемпионатының жеңімпаздары марапатталды

05.05.2023 | 17:52
62
Фото: Сұлтан Сейітов

Бүгін Астанада «Robotek Grand Tournament 2023» атты робототехникадан республикалық чемпионатының салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Марапаттау рәсіміне Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының басшысы Гаждембек Тұрсынов, Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Нариман Еламанов және т.б. қатысты.

05-06.jpg

Бұл жоба елімізде осымен екінші рет өткізіліп жатыр. Өткен жылы қалалық деңгейде өтті. Ал биыл «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығымен республикалық деңгейді ұйымдастырдық. Чемпионаттың мақсаты – робототехника, инженерлік ғылымдар және бағдарламалау саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау. Сондай-ақ жастар арасында техникалық мамандықтарды дәріптеу, - деді  «Robotek.kz» мектебінің директоры Санжар Шалқарбеков.

05-08.jpg

Чемпионаттың іріктеу кезеңдеріне еліміз бойынша 3000-нан астам оқушы қатысты. Солардың ішінен жүйрік шыққан 260 қатысушы финалдық кезеңге жолдама алған болатын.

Жарыс өте жақсы өтті. Бізге сызық бойымен жүретін робот құрастыру бойынша тапсырма берілді. Жарыс кезінде төрешілер ұсақ-түйекке дейін назар аударып, әр нәрсені жіті бақылап отырды. Біз роботты 3 ай бойы құрастырдық. Ал бөлшектерін әр елден сатып алдық, - деді робототехникадан республикалық «Robotek Grand Tournament 2023» чемпионатының «Сызық бойымен жарыс, 14-17 жас» санатының 1 орын жеңімпазы Жамбыл облысынан Жандос Икметуллаев.

05-09.jpg

Бүгін марапаттау рәсімінде барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді. Сондай-ақ әр номинация бойынша жарыс жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдармен, медальдармен және Чемпионат демеушілерінің бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Сонымен қоса, жеңімпаздарды дайындаған оқытушыларға   алғыс хаттар табысталды. 

Барлық жаңалықтар