00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Оқу пәндерінің 93% цифрлық форматқа көшірілді

22.11.2023 | 16:00
68
Фото: дереккөз

Бүгінде оқу пәндерінің цифрлық форматқа көшірілу көрсеткіші 80 пайыздан 93 пайызға дейін өсті. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл алдын ала көрсеткіш, яғни желтоқсан айында сараптаманың соңғы кезеңі – пәндік сараптамалық комиссия өтеді. Сараптаманың қорытындысы бойынша нақты көрсеткіш жарияланады.

Цифрлық оқулықтар елімізде 13 баспа 11 платформада әзірленуде.

Пәндерді оқытуда инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу мақсатында педагогтер қолдануы үшін әдістемелік ұсыныстар әзірленді. Мұғалімдер заманауи цифрлық технологияларды, онлайн коммуникацияларды, саралау мен даралауды пайдалана отырып, сабақтарын өткізеді, сондай-ақ онлайн ресурстарын қолдану арқылы білімдерін жетілдіреді, - делінген министрлік ақпаратында.

Бұдан басқа, робототехника, STEM, химия, физика, биология пәндері бойынша 1000 заманауи кабинет ашу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 976 мектеп заманауи кабинеттермен жабдықталған.

Айта кетейік, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында пәндік кабинеттер жоспар бойынша толығымен сатып алынды.

Барлық жаңалықтар