00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Министр Ұстаздар күніне орай челлендж жолдады

29.09.2023 | 09:30
74
Фото: Ғани Бейсембаев

Биыл ресми түрде бекітілген Мұғалімдер күні мерекесі қарсаңында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өзінің ұстаздары жайлы естеліктерімен бөлісіп, барша қазақстандықтарға челлендж жолдады, деп хабарлады Elorda.info. Бұл туралы министр фейсбуктегі парақшасына жазды. 

Биыл ресми түрде бекітілген төл мерекеміз – Мұғалімдер күні қарсаңында өзімнің аяулы ұстаздарым жайлы естеліктеріммен бөліскім келеді. Ең алдымен Хәкім Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» қағидасын бойыма әбден сіңірген, өмірлік ұстаздарым  - ата-анама алғыс айтқым келеді. 

 

Кезінде біз бір қабатты, сабан кірпіштен қаланған, шағын мектепте тәлім алдық. Сол аядай ғана білім ұясын оқушыға деген махаббатымен зәулім әрі жарық еткен ұстаздарымды әрдайым құрметпен еске аламын. Әсіресе алғаш «Әліппемен» таныстырып, сауатымызды ашқан Қызылбаева Дәмеш апайыма мың тағзым етемін. Бүгінде ол кісі тоқсанның төріне шыққан ардақты әже. Дәмеш апайдан кейін 4-7 сыныпта бізді өз алақанына алған Сыздықова Күлтай  апайымыз да жадымызда. Әуелде қатал көрінгенмен, қамқоршы болған ұстазымыздың жақсылықтарын бала көңіл қайтіп ұмытсын?! 

 

Одан кейінгі қызық та ең қиын кезең, бозбала мен бойжеткен сәтімізде тәлімі мен тәрбиесін көрген сынып жетекшіміз Сейілова  Ұлтай апайымызды ұмыту тіпті де мүмкін емес. Ұлтай апайдың сол кездегі бейнесі «Қыз Жібек» фильміндегі Жібекке ұқсайтын. Қазақ әдебиетінен дәріс беретін ұстаз әдеби шығармалардың мәнін ашып, талдау жасағанда бүкіл сынып ұйып тыңдайтынбыз. Қиялымызға ерік беріп, өзімізді оқиғаның ішінде жүрген кейіпкердей сезінуші едік. Сол арман алдыға жетелеп, менің де осы ұлағатты жолды таңдауыма ұстаздарымның тәлімі түрткі болғаны сөзссіз. Педагог ретінде қалыптасу жолымда тәлімгерлік еткен жандарды да ешқашан ұмытпаймын. 

 

Дәлелхан Мусин, Раушан Букаева, Антонина Бондарева, Қанипа Бітібаева, Шәмшә Беркімбаева ұстаздарым бұл өмірден озса да, олардың есімі мәңгі жадымда... – деп жазған министр барлық ұстаздарға ризашылығын білдіре отырып, ізгі тілегін жаудырды. 

 

Министр кәсіби мерекеге орай, барша қазақстандықтарға және Нұртөре Жүсіп, Askhat Aimagambetov, Тамара Дүйсенова, Aida Balayeva, Sayasat Nurbek, Giniyat Azhar сияқты әріптестеріне «Ұстазым менің, ұстазым!» атты челленж жолдады. 

Барлық жаңалықтар