00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордалық ұстаздар дарынды балалармен жұмыс істеу жолдарын талқылады

18.10.2023 | 09:10
83

Астана қаласы әкімдігінің дарынды ер балаларға арналған  «Білім-инновация» лицей-интернатында «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының 30 жылдық мерейтойына орай «Қазақстанның білім беру кеңістігінің дамуындағы «Білім-Инновация» лицейлерінің тәжірибесі» атты республикалық конференция өтті, деп хабарлады Elorda.info

Іс-шара аясында педагогикалық шеберхана форматындағы өз тәжірибесімен бөлісуге елордамыздың жас педагогтері шақырылды. Шараға 112 жас маман қатысты. Шараның ашылуына шақырылған қонақтар  мен лицей басшысы Руслан Сихимбеков жылы лебіздерін білдіріп, шараға сәттілік тіледі.

лицей 1.jpg

БИЛ-дің  оқу, тәрбие және дарындылықты дамытуды табысты жүзеге асыруындағы  отыз жылдық қордаланған тәжірибесімен бөлісу және заманауи талаптарға сай үлгілерін көрсету, қатысушылармен кері байланыс жасау және тәжірибе алмасу мақсатында «Педагогикалық шеберхана» жұмысы 4 бағытта (оқу, тәрбие, бейіндік және кәсіби бағдар беру) шаралар жүргізілді.

Оқу-әдістемелік бағытта жаратылыстану-математикалық  мен қоғамдық-гуманитарлық пәндердің кіріктірілген форматы көрсетілді.      7 сыныпта тарих, қазақ тілі, географиядан «Табиғи апаттар және олардан сақтану» тақырыбында мұғалімдер Гулькайын Жатакбаева, Нұргүл Рамазанова, Елдос Оспаналиев  8 сыныпта қазақ тілі, биология, орыс тілінен «Дені саудың тәні сау» тақырыбында мұғалімдер Саним Естемисова, Толқын Ахметжанова, Жанар Сейфуллина, 9 сыныпта ағылшын тілі, физика қазақ тілінен мұғалімдер Бағила Мажибиева, Мөлдір Сейлбаева, жас маман Ғалымжан Өтеген сабақтар өткізді.

лицей 2.jpg

Бейіндік бағытта оқушы бойында дарындылықты дамытудың жолдары мен пән олимпиадаларына дайындаудың қырлары мен сырлары туралы жас мамандармен әлемдік ұстаз Гул Муаммер мен директордың орынбасары Гулнар Рахимова бөлісті.  Лицейде кәсіби бағдар беру жұмысының жүргізілу барысымен Русланбек Корғанов таныстырды.

«Құндылыққа негізделген тәрбие беру –заман талабы»  тақырыбымен 10 сынып жетекшісі Нұрсұлтан Мауканов, мектеп, оқушы, ата-ана ынтымақтастығы туралы лицей ата-анасы Алма Сыздықова тамаша ойларын ортаға салды.

Барлық жаңалықтар