00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Елордада 14 мектептің құрылысы жүріп жатыр

08.09.2023 | 09:30
35
фото: gov.kz

Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Астана қаласы Білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен брифинг өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Астанада  жаңа оқу жылында 1 сыныпқа 27 мың бала барса, қаладағы балалардың жалпы саны 259 мың. Бүгінгі таңда қаланың барлық оқу орындары цифрлық бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіліп, автоматты өрт дабылына қосылған. Барлық оқу орындарында 1 санатты лицензиясы бар күзет компаниялары қызмет көрсетеді. Сондай-ақ білім беру объектілері турникетпен 100 пайыз қамтамасыз етілген. Биыл 49 білім беру нысанында жөндеу жұмыстары жүргізілді. 9 нысанда яғни, 7 мектеп, 1 балабақша, 1 колледжде күрделі жөндеу,  40 нысанда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта қалада 14 мектеп құрылысы жүріп жатыр, оның ішінде 11 мектеп ағымдағы оқу жылында пайдалануға беріледі. Оқу жылының басында 4 мектеп пайдалануға берілді,- деді қала әкімінің орынбасары.

Есет Байкеннің сөзінше, елордада 169 мектеп білім береді, оның ішінде 101 мемлекеттік, 61 жекеменшік, 7 республикалық мектеп. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 90 000 орындық 24 мектеп салынады. Ағымдағы кезеңде INDIGO электронды порталында мектепке дейінгі жастағы 60 971 бала тіркелген, оның ішінде 2 мен 6 жас аралығындағы 41 818 бала. 

WhatsApp Image 2023-09-08 at 14.20.10.jpeg

Бүгінде барлық колледждерде кабинеттерге, шеберханалар мен жатақханаларға косметикалық жөндеу жүргізілді, білім беру бағдарламалары өзектендірілді, педагогикалық штат жасақталды. Бүгінгі таңда 2696 орындық 18 жатақхана қаладан тыс студенттерді орналастырды. Биыл алғаш рет пилоттық жоба шеңберінде 10-11 сынып оқушыларына арналған эксперименттік білім беру бағдарламалары бойынша қабылдау жүзеге асырылады. Оған 170 адам қабылданды, олар 1,5 жылдан кейін білім туралы аттестаты мен қоса жұмысшы мамандығы бойынша біліктілігі берілетін дипломды қоса алады. Биыл қала мектептеріне педагогикалық жоғары оқу орындарында әкім гранты бойынша білім алған 132 түлек келді. Бүгінде елордалық оқушылар толық оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілген,- деді қала әкімінің орынбасары.

Астана қаласында жыл сайын инклюзивті білім беру жүйесі жетілдіріліп келеді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қоғамға бейімдеу үшін жағдай жасалып жатыр. Елордада ерекше білім беру қажеттіліктері бар 16 527 бала бар. Бұл жалпы балалар санының 3 пайызын құрайды (435 000). Инклюзивті білім алу үшін 64 балабақшада және 89 мектепте жағдай жасалған. 2025 жылға қарай барлық білім беру ұйымдарында жағдай жасалатын болады. 

Барлық жаңалықтар