00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Еліміздегі барлық мектепте оқу жылы 31 мамырда аяқталады

12.04.2023 | 13:00
44
Фото: Оңалхан Өнерхан

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылын аяқтау және орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін бекіту туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлады Elorda.info

Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Шолпан Каринова Facebook парақшасында жазды. Бұйрық бойынша елдегі барлық мектепте оқу жылы 31 мамырда аяқталады. Ал соңғы қоңырау 1 маусым күні соғылса, емтихандар 2 маусымнан басталады.

Құжатқа сай 9 (10) сыныптарда білім алушылардың қорытынды бітіру емтихандары 2-13 маусым аралығына жоспарланса, 11 (12) сыныптарда білім алушылардың мемлекеттік бітіру емтихандары 5-19 маусым аралығында өткізіледі.

Емтихан бойынша 10-сынып оқушыларына мынадай кесте бекітілген:

жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 2 маусым;

математика бойынша жазбаша емтихан – 6 маусым;

өзге тілдерде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан – 9 маусым;

таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан – 13 маусымға жоспарланған. 

Ал 11 сыныптар үшін емтихан кестесі:

оқыту тілі бойынша жазбаша емтихан – 5 маусым;

алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан – 8 маусым;

Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан – 12 маусым; 

өзге тілдерде оқытатын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан – 15 маусым;

таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан – 19 маусымда өткізіледі. 

Барлық жаңалықтар