00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Биыл қанша мектеп пайдалануға берілді?

17.08.2023 | 13:00
60
фото: ortcom.kz

Елімізде қаңтар-шілде аралығында 13 589 орынға арналған жалпы білім беретін 24 мектеп пайдалануға берілді, деп хабарлады Elorda.info.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, одан бөлек 1458 орынға есептелеген мектепке дейінгі 19 ұйым пайдалануға берілген. Оның ішінде 12 мектеп пен мектепке дейінгі 14 мекеме ауылды жерлерде орналасқан.

Айта кетейік, 6 мектеп мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар есебінен, қалған 18-і жекеменшік кәсіпорындар тарапынан пайдалануға берілген.
 

Жоғарыда аталған уақыт аралығында пайдалануға берілген жалпы білім беретін мектептердің көпшілігі Түркістан облысында – 11, Жетісу облысында – 3, Атырау және Жамбыл облыстары мен Алматы және Шымкент қалаларында 2 мектептен. Астана қаласы және Ақтөбе облысында бір-бірден. Салыстырып өтсек, былтырғы алғашқы жеті ай ішінде 3 000 орындық жалпы білім беретін 13 мектеп пен 1600 орындық мектепке дейінгі 13 мекеме пайдалануға берілген.

Барлық жаңалықтар