00:00
Астана -10oC
USD:
443.44
EUR:
480.51
RUB:
4.88
Іздеу

Қазақстандық студенттер халықаралық жарыста топ жарды

09.07.2023 | 17:23
58
Фото: дереккөз

Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық зерттеу университетінің студенттері халықаралық жарыста топ жарды. Бұл туралы университет ректоры Мейрам Бегентаев Facebook парақшасында бөлісті, деп хабарлады Elorda.info.

Біздің шәкірттеріміз Spirit of Shell Eco-marathon сыйлығының иегері, Индонезиядағы Shell Eco Marathon Азия-Тынық мұхиты және Таяу Шығыс 2023 халықаралық байқауында кубок жеңімпазы атанды. Студенттер 1 кВт/сағ үшін 261,1 км жүріп өткен модульдік бөлшектелетін электр болидін жинады. Көбінесе олар әртүрлі майлармен және химиямен жұмыс істеді. Шәкірттер дәнекерлеудің әртүрлі түрлерін игерді. Олар бұл марапатқа лайықты. Жетістіктері үшін студенттер біріншіліктің жүлде қорынан 3 мың АҚШ долларын алды, - деп жазды ректор.

Жарысқа Азия, Таяу Шығыс және Катар, Бруней, Сингапур, Малайзия, Сауд Арабиясы, Таиланд, Филиппин, Қытай, Корея т.б. елдерінен 80 команда қатысты.

Барлық жаңалықтар